Президент Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

06.12.2023 в 14:25

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Президент облыстың экономикалық даму барысымен және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларымен танысады, сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.