АрселорМиттал Теміртау компаниясының жаңа инвесторына қандай талап қойылады

11.09.2023 в 16:52

Компания қауіпсіздік саласының инвестициясына мұқтаж

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа инвесторына қойылатын талаптар белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты. Министрдің мәліметінше, инвестордан талап етілетіні - өнеркәсіптік қауіпсіздік. Осы бағытқа қаражат құю керек. Екіншісі - өндірісті кеңейту. Қуаттылықты бұрынғы жылдары жұмыс істеген деңгейге жеткізу қажет екенін  Қанат Шарлапаев айтты.

– Біз қазір "Қауіпсіздікке инвестиция салуға" мұқтажбыз. Бүгінде АрселорМиттал 3,2 миллион тонна болат өндіреді, 4,5-4,8 миллион тонна болатты жеткізу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда біріншісі – өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуды талап етеміз. Оның көлемін жақын мерзімде 3 миллиард долларға жуық деп есептейміз. Ал бірінші кезекте өндірісті ұлғайту және өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсарту үшін миллиард долларға жуық қаражат қажет болады, - деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Оқи отырыңыз: Қостанайда XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады