Коронавирус індетінен тағы 9 науқас көз жұмды

18.06.2020 в 00:11

Қазақстан бойынша барлығы 97 адам қайтыс болды

Коронавирус індетінен тағы 9 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұр-Сұлтан қаласы: 1964, 1952, 1951, 1938, 1950 жылдары туған әйелдер және 1982 жылы дүниеге келген ер адам,

Шымкент қаласы: 1979 жылы туған ер адам,

Алматы қаласы: 1969 және 1960 жылдары дүниеге келген ер адамдар.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 97 адам қайтыс болды.