Алматыда өткен тәулікте 134 адам COVID-19 жұқтырды

10.11.2021 в 08:23

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 951667

Қазақстанда өткен тәулікте 1 128 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 125, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 24, Ақмола облысы - 70, Ақтөбе облысы - 22, Алматы облысы - 55, Атырау облысы - 20, Шығыс Қазақстан облысы - 77, Жамбыл облысы - 12, Батыс Қазақстан облысы - 27, Қарағанды облысы - 140, Қостанай облысы - 102, Қызылорда облысы - 19, Маңғыстау облысы - 12, Павлодар облысы - 127, Солтүстік Қазақстан облысы - 143, Түркістан облысы - 19. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 951667.

Қазақстанда өткен тәулікте 2356 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 168, Алматы қаласы - 279, Шымкент қаласы - 77, Ақмола облысы - 121, Ақтөбе облысы - 54, Алматы облысы - 15, Атырау облысы - 45, Шығыс Қазақстан облысы - 323, Жамбыл облысы - 7, Батыс Қазақстан облысы - 443, Қарағанды облысы - 160, Қостанай облысы - 263, Қызылорда облысы - 49, Маңғыстау облысы - 22, Павлодар облысы - 124, Солтүстік Қазақстан облысы - 200, Түркістан облысы - 6. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 906190.