Алматыда өткен тәулікте 7 адам коронавирус жұқтырды

12.04.2022 в 08:47

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 1 305 315

Қазақстанда өткен тәулікте 11 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 2 Алматы қаласында - 7 және Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 1 305 315. 

Сондай-ақ 151 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Алматы қаласында - 8, Ақтөбе облысында - 137, Алматы облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 1, Қызылорда облысында - 1, Елімізде барлығы 1 290 679 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.