Эпидахуалды бағалау матрицасы: Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті

24.02.2022 в 08:52

«Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы қалды

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы қалды.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қостанай, Павлодар облыстары бар.

«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.