Коронавирус жұқтырған 1 258 адамның жағдайы ауыр

23.07.2021 в 09:22

274 пациенттің жағдайы өте ауыр

Қазақстанда 71 221 адам коронавирус инфекциясынан (–69 436 + және 1 785 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty.tv

23 шілдедегі мәлімет бойынша, 71 221 адам коронавирус инфекциясынан (–69 436 + және 1 785 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 21 096 пациент стационарда, 50 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 1 258 адамның жағдайы ауыр, 

• 274 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 166 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.