КВИ жұқтырған 579 адамның жағдайы ауыр

07.06.2021 в 09:24

78 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 579 науқас ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

7 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 600 адам коронавирус инфекциясынан (-23 703 КВИ+ және 897 КВИ-) емделіп жатыр:

8 724 пациент стационарда,

15 876 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

579 адамның жағдайы ауыр,

120 пациенттің жағдайы өте ауыр,

78 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.