Елизавета II ханшайым коронавирус жұқтырды

21.02.2022 в 09:35

Агенттіктің жазуынша, ханшайымға аздап суық тиген

Британия ханшайымы Елизавета II коронавирус жұқтырды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Агенттіктің жазуынша, ханшайымға аздап суық тиген. Алайда сарайдағылар осы аптада оның Виндзордағы қызметін жалғастыратынын мәлім етті.

«Оған медициналық көмек көрсетіліп, барлық қажетті талаптарды орындайды», - делінген мәлімдемеде.