Коронавирустан емделіп жатқан 434 адамның жағдайы ауыр – ДСМ

03.02.2022 в 09:35

84 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

3 ақпандағы мәлімет бойынша 126 829 адам коронавирус инфекциясынан (125 631 КВИ+ және 1 198 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv  ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде: 

10 192 пациент стационарда,

116 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

434 адамның жағдайы ауыр, 

174 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

84 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.