Түркияда екі апта ішінде COVID-19 жұқтырғандар саны 5 есе өсті

11.07.2022 в 09:47

Елде 50 жастан асқан және қауіп тобындағы адамдарға вакцинаның кезекті дозасын алуға кеңес берілді

Түркияда соңғы екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бес есе өсті. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа 50 жастан асқан тұрғындарға вакцинаның келесі дозасын алуға кеңес берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

27 маусымнан 3 шілдеге дейін ауру жағдайлары алдыңғы аптамен салыстырғанда 114 пайызға артты.

"Соңғы екі аптадағы өсім бес есеге жуық", - деп хабарлады NTV.

Коджа Түркияда, сондай-ақ әлемде індет өршіп бара жатқанын мәлімдеді.

Елде 50 жастан асқан және қауіп тобындағы адамдарға вакцинаның кезекті дозасын алуға кеңес берілді. 

"Кейінгі вакцинациядан бері 6 ай өтсе салдыру керек", - деді Түркияның денсаулық сақтау министрі.