Актер Дуэйн Джонсон коронавируспен ауырып шыққанын мәлімдеді

03.09.2020 в 09:53

Актер өзі және отбасы аурудан айыққанын айтты

"Скала" лақапатымен белгілі америкалық актер және рестлер Дуэйн Джонсон Instagram желісіндегі парақшасында өзі және отбасы коронавируспен ауырып шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Әйелім Лорен, екі қызым және мен тапсырған тесттің нәтижесі оң болып шықты. Мен сіздерге бұл біздің отбасымыз өткен ең қиын сәттердің бірі екенін айта аламын»,– дейді Джонсон.

Актер өзі және отбасы аурудан айыққанын айтты.

Дуйэн Джонсон көпшілікке "Форсаж", "Шаяндар патшасы", "Сан-Андреастың қирауы" және "Джуманджи: жаңа кезең" атты фильмдер арқылы таныс.