Елімізде өткен тәулікте пневмониядан тағы 3 адам көз жұмды

02.09.2020 в 09:55

Жалпы елде коронавирустан айыққандар саны 97 мың 371-ге жетті

Елдегі ахуал бойынша бір тәулікте коронавирус белгісі бар пневмонияға 27 адам шалдығып, 3 науқас індеттен мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпы елде коронавирустан айыққандар саны 97 мың 371-ге жетті. Оның 12 мың 870-і Нұр-Сұлтанда болса, Алматыда - 13 мың 544 науқас аурудан құлан таза жазылған. Шымкентте бұл көрсеткіш - 4 мың 498. Жалпы  105 мың 944 адам инфекция жұқтырған. Өкінішке қарай, 1 мың 600 отандасымыз аурудан көз жұмды.