Елімізде коронавирус симптомсыз өтіп жатқан 1044 науқас анықталды

07.06.2020 в 10:20

Қазақстанда коронавируске шалдыққан, бірақ сырқаты симптомсыз өтіп жатқан тағы 357 адам анықталды

Қазақстанда коронавируске шалдыққан, бірақ сырқаты симптомсыз өтіп жатқан 357 адам анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«2020 жылғы 6 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 357 тасымалдаушы тіркелді», - делінген ақпаратта.

Өңірлер бойынша статистика келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 141 (+43)

Алматы қаласы - 95 (+25)

Шымкент қаласы - 131 (+75)

Ақмола облысы - 13 (+5)

Ақтөбе облысы - 17 (+6)

Алматы облысы - 73 (+13)

Атырау облысы - 65 (+23)

Шығыс Қазақстан облысы - 48 (+17)

Жамбыл облысы - 16 (+4)

Батыс Қазақстан облысы - 136 (+57)

Қарағанды облысы - 102 (+25)

Қостанай облысы - 5 (+2)

Қызылорда облысы - 48 (+16)

Маңғыстау облысы - 71 (+14)

Павлодар облысы - 10 (+4)

Солтүстік Қазақстан облысы - 40 (+16)

Түркістан облысы - 33 (+12)

Осы күнгі дейін Қазақстанда коронавирустың белгілері жоқ 1044 науқас анықталды.

Еске салайық, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ, бірақ вирусты тасымалдаушылар болып табылатын науқастардың жеке статистикасын жариялап отыратынын мәлімдеген еді.