Швеция коронавирусқа қарсы барлық шектеуді алып тастады

10.02.2022 в 15:51

Ел мнистрінің айтуынша, COVID-19 бұдан былай қоғам үшін қауіпті ауру болып саналмайды

Швеция COVID-19-ға қарсы барлық шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

    

Енді ел билігі коронавирусты қауіпті аурулар тізімінен шығармақ. Карантин шараларының жойылуына байланысты қашықтан жұмыс істейтіндер мен онлайн оқып жатқандардың санын біртіндеп азайтып жатыр.

Қалыпты өмірге тездетіп қайта оралуды британдықтар да жоспарлап отыр. Премьер-министр Борис Джонсонның айтуынша, ақпан айының соңына қарай елде коорнавирус жұқтырғандар үшін карантин алынып тасталады. Бұған дейін британдықтар қоғамдық орындарда вакциналау паспортын талап етуді тоқтатып, бетпердесіз жүруге рұқсат еткен болатын.  

«Шынымды айтсам, соңғы кездері онсыз да шектеулер аса қатаң емес еді. Бірақ толықтай алып тастаса, әрине қуанамыз», «Меніңше, барлық тұрғындар бұл жағымды жаңалықты қуанышпен қабылдады. Өз басым қатты қуандым. Қайтадан бұрынғыдай еш шектеусіз өмір сүрсек, керемет қой!», дейді тұрғындар.