Коронавирус: 5 өңір әлі «қызыл» аймақта тұр

11.10.2021 в 10:04

6 өңір «жасыл» аймақта

11 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары енген.