Бір тәулікте 27 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмған

05.07.2021 в 10:04

69 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

ҚР ДСМ елдегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар жөнінде 2021 жылғы 5 шілдедегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv. 5 шілдедегі мәлімет бойынша, 31 718 адам коронавирус инфекциясынан (30 372 + және 1346 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 9 645 пациент стационарда, 22 073 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 600 адамның жағдайы ауыр, • 122 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 69 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бір тәулікте Қазақстанда 27 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмған.