Қазақстанда коронавирустан тағы 15 адам көз жұмды

19.08.2020 в 10:05

Жалпы, елімізде КВИ-ден 1 446 адам қайтыс болды

Қазақстанда тағы 15 адам коронавирус ауруынан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 15 839 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 71-і - балалар. Ауруханаларда 7 383 науқас, амбулаториялық деңгейде 8 456 науқас емделуде. 366 адам ауыр халде, 90 науқастың жағдайы өте ауыр, 59-ы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Жалпы, елімізде КВИ-ден 1 446 адам қайтыс болды.