Қазақстанда бір тәулікте 307 адамнан коронавирус анықталды

17.05.2020 в 10:06

16 мамырдағы сағат 23:59 бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда өткен тәулікте 307 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бүгінгі таңда індет жұқтырғандар өсімі 5,2%-ды құрап отыр.

Аймақтар бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар ішінде:

Алматы қаласы - 93 (5,4%)

Шымкент қаласы - 77 (28,6%)

Атырау облысы - 35 (6,9%)

Нур-Султан қаласы - 32 (2,7%)

Батыс Қазақстан облысы - 22 (7,6%)

Қарағанды облысы - 13 (5,9%)

Ақмолы облысы - 9 (7,8%)

Түркістан облысы - 6 (3,1%)

Маңғыстау облысы - 6 (4,1%)

Алматы облысы - 5 (2,5%)

Ақтөбе облысы - 4 (1,8%)

Қостанай облысы - 2 (2,6%)

Жамбыл облысы - 2 (1,0%)

Шығыс Қазақстан облысы - 1 (1,8%) адам бар.

Айта кетсек, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 6157 адамға жетіп отыр. Қауіпті індеттен жазылғандар саны 2980 адамға жетті. Өкінішке қарай, 34 адам көз жұмды.