Коронавирус: Алматы қаласы мен Атырау облысы «қызыл» аймаққа енді

12.01.2022 в 10:56

«Сары» аймақта алты өңір тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау облысы тұр. 

«Сары» аймақта: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстары тұр. 

«Жасыл» аймақта: Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.