Қазақстанда коронавирустан 24 180 адам емделіп жатыр

30.03.2021 в 10:14

364 адамның жағдайы ауыр

30 наурыздағы мәлімет бойынша, 24 180 адам короновирус инфекциясынан (22 258 КВИ+ және 1 922 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 130 пациент стационарда, 16 050 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 364 адамның жағдайы ауыр; • 76 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр