Тағы 138 науқас: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5417 адамға жетті

13.05.2020 в 10:15

13 мамырдағы сағат 10:00 бойынша эпидемиологиялық ахуал

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 138 адам тіркелді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 15, Алматы қаласында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 11, Жамбыл облысында облысында – 6, Қарағанды облысында – 3, Түркістан облысында – 4, Атырау облысында – 92, Шығыс Қазақстан облысында 1 адам бар, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 5 417 адам анықталды. Олардың ішінде:

Алматы қаласы – 1628,

Нұр-Сұлтан қаласы – 1118,

Атырау облысы – 432,

БҚО – 266,

Шымкент қаласы – 245,

Қызылорда облысы – 231,

Қарағанды облысы – 200,

Жамбыл облысы – 198,

Түркістан облысы – 190,

Алматы облысы – 183,

Ақтөбе облысы – 176,

Павлодар облысы – 154,

Маңғыстау облысы – 130,

Ақмола облысы – 110,

Қостанай облысы – 68,

ШҚО – 52,

СҚО – 36 адам.

Айта кетсек, республика бойынша 2 223 адам COVID-19 вирусынан емделіп шықты. Өкінішке қарай, 32 адам көз жұмды.