Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус анықталды

22.06.2020 в 10:24

Соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтаған

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус анықталды, деп қабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің Баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

"Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Себебі соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтады. Ауру белгісіз 

(симптомсыз)  өтуде. Осы уақыт аралығында облыс әкімі оқшауланып ем қабылдап, жұмысын жалғастырады", – деп жазады Жүкел.