ДДСҰ басшысы "омикроннан" кейінгі жаңа штамдар туралы ескертті

19.01.2022 в 13:18

Ол "омикрон" жұқтырғанда ауруханаға жатқызу және өлім қаупі барын айтты

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде жаңа штаммдардың пайда болу мүмкіндігі туралы ескертеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұйым өкілі Тедрос Гебрейесустың айтуынша, «омикрон» штамынан кейін, ковидтің жаңа нұсқасы түзілуі мүмкін. Ұйым басшысы сонымен қатар, оңтүстік африкалық нұсқа оның алдындағылар сияқты ауыр болмаса да, басқа штамдарға қарағанда жеңіл деген пікір қате екенін атап өтті. Ол «омикрон» да өлімге әкелуі мүмкін деп қорытындылады сөзін.  

«Пандемия әлі біткен жоқ және «омикронның» жаһандық таралуына байланысты жаңа нұсқалардың пайда болу қаупі бар. Сондықтан бақылау және бағалау өте маңызды. Сондай-ақ барлық ковидтік вакциналарға тең негізде қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет», – деді ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус.