Барлығы 2601: Қазақстанда тағы 37 адамнан коронавирус табылды

25.04.2020 в 22:31

Қазақстандағы коронавирус бойынша 25 сәуірдің 22:20 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 37 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

25 сәуірдегі сағат 22:20-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша анықталған науқастар ішінде:

Түркістан облысында - 9, Алматы қаласында - 13, Ақмола облысында - 2, Нұр-Сұлтан қаласында - 7, Қостанай облысында - 4, Павлодар облысында - 2.

Сонымен, осы сағатта Қазақстан бойынша қауіпті індет жұқтырғандар саны 2601 адамға жетті.

Атап айтқанда:  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 464 адам,

Алматы қаласында – 814, Шымкент қаласында – 161, Ақмола облысында – 89, Ақтөбе облысында – 55, Алматы облысында – 86, Атырау облысында – 108, Шығыс Қазақстан облысында – 16, Жамбыл облысында – 103, Батыс Қазақстан облысында – 103, Қарағанды облысында – 113, Қостанай облысында – 39, Қызылорда облысында – 170, Маңғыстау облысында – 26, Павлодар облысында – 89, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 98 адам.

Айта кетсек, қазіргі уақытта елімізде COVID-19 вирусынан жазылып шыққандар саны 646 адамға жетті. Өкінішке қарай, 25 адам көз жұмды.