Ұлыбританияда КВИ анықталған адам міндетті түрде оқшаулану тәртібі күшін жояды

23.02.2022 в 16:14

1 сәуірден бастап билік коронавирусқа арналған тегін сынақтардан бас тартады

Еуропа «ковидпен өмір сүру» атты жаңа стратегиясын ұсынды. Оған сәйкес, ертең Ұлыбританияда барлық шектеулер жойылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл тек санитарлық ережелерге ғана қатысты емес. Ағылшындар сондай-ақ, өзін-өзі оқшаулау үшін жәрдемақы төлеуді тоқтатып, ковид сынақтарын ақылы қылмақ. Алайда кейбір сарапшылар аурудың өршіп кетуі мүмкін екенін айтып, бұл шешімді қауіпті және асығыс қабылданған деп отыр. 

«Омикрон алдыңғы нұсқаларына қарағанда біршама жеңіл болып шықты. Бұл зерттелді де. Келесі штамның дәл сондай болатынына біз сенімді емеспіз, сондықтан әрине алаңдаймыз», - деді Лондонның гигиена және тропикалық медицина мектебінің профессоры Мартин Макки.

Алаңдауға негіз бар ма, жоқ па?! Бірақ елімізде де күнделікті вирус жұқтырғандардың көрсеткіші төмендеп жатқаны хақ. Өткен тәулікте 600-дей адамнан ковид анықталды. Анти-рейтингтің басында Алматы тұр. Одан кейін елорда мен Солтүстік Қазақстан облысы.