Қазақстанда коронавирустық пневмония бір тәулікте 666 адамнан анықталды

22.08.2020 в 12:56

6 өлім жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустық пневмонияға 666 адам шалдықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

«Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның - 666 және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 464 адам емделіп шықты», делінген ақпаратта.

Бүгінге дейін коронавирус жалпы 21930 адамнан анықталды, ал жазылып шыққандардың саны 2603 жетті, 249 науқас қайтыс болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 21 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 242 адамнан анықталды. Оның ішінде 113 адам - симптомсыз тасымалдаушы. Бір тәулікте індеттен 1792 адам жазылып шықты.