Коронавируске қарсы вакцинанының тестілеу мерзімі белгілі болды

20.03.2020 в 10:38

Kaiser Permanente Washington Research зерттеу институтының сынағына 45 ерікті қатысқан

АҚШ Азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасының басшысы Стивен Хан коронавирустың вакцинасын тестілеу мерзімін атады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол өз сөзінде бұл бірінші сатыдағы сынақ, вакцинаны мақұлдау үшін 12 ай қажет екенін айтқан. Еске салайық, бұған дейін америкалық ғалымдар адамдарға коронавирустан вакцинаны клиникалық сынауды бастаған болатын. Сиэтлдегі Kaiser Permanente Washington Research зерттеу институтының сынағына  45 ерікті қатысқан. Олар бір ай ішінде екі дозадан вакцина қабылдауы тиіс.