Қазақстанда өткен тәулікте 10 адамнан коронавирус анықталды

07.06.2022 в 10:53

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 798 жетті

6 маусымдағы эпидемияологиялық жағдай бойынша 10 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы - 3, Алматы қаласы - 6  және Алматы облысы 1 тіркелді.

Бұдан бөлек коронавирустан 6 адам жазылған. 132 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 32 пациент стационарда, 94 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.