Өткен тәулікте 13 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

12.06.2022 в 10:55

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 862 адамға жетті

 Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 13 адамнан анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында 7, Алматы қаласында 5, Алматы облысында 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 862 адамға жетті

Сондай-ақ бұл дерттен Алматы қаласында 3, Қарағанды облысында 3 жазылып шықты.