Қазақстандағы коронавирус: екі облыс «қызыл» аймақта

06.02.2021 в 12:16

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан

Қазақстанда екі облыстың эпидемиологиялық жағдайы өзгерді. Солтүстік Қазақстан облысы «қызылдан» «сарыға» ауысты, ал Қарағанды облысы «жасыл» аймаққа оралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

6 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта тек Ақмола және Павлодар облыстары қалды.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Қалғандары «жасыл» аймақта.