Алматы қаласы «қызыл» аймақтан шықты

30.01.2021 в 11:08

«Қызыл аймақта»: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр

Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары «сары» аймаққа оралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қызыл аймақта»: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. 

«Сары аймаққа» кіретіндер қатарында Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. 

Еліміздің қалған барлық өңірі «жасыл» аймақта тұр. ⠀