Алматыда бір тәулік ішінде 7 729 адам вакцина салдырды

25.08.2021 в 11:13

Вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарттар саны - 110 236

2021 жылғы 25 тамызға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 590 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1515, симптомсыз – 75 науқас тіркелді.

«Инфекциялық стационарларда 6 021 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 169 бала емделіп жатыр», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 467 адам жатыр. Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 188 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 223 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 12 868 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 369 науқас. 499 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  КВИ вакцинасының 1-компонентін  3 585 адам, 2-компонетті 7 729  адам салдырды.

01.02.2021-23.08.2021 жыл аралығында қала бойынша вакцинаның 1-компонентін 849 542 адам, 2-компонентті 691 848  адам алған.

Вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарттар саны - 110 236.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.