Қазақстанда 35 елден келген барлық жолаушыда ПТР анықтамасы болған

23.05.2021 в 11:50

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 903 жолаушы

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 22 мамырында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 35 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 733 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 903 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 922 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, 613 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 25 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 182 жолаушы;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 88 жолаушы.

«Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген», – делінген хабарламада.