Эпидахуал: 5 шілдедегі жағдай бойынша бақылау матрицасы жарияланды

05.07.2021 в 11:33

Қазақстанның 9 өңірі «қызыл», ал 6 облысы «сары» аймақта тұр

2021 жылғы 5 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Қазақстанның 9 өңірі «қызыл», ал 6 облысы «сары» аймақта тұр. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облысы.