Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз мәслихаттарын онлайн форматында өткізуге көшті

15.03.2020 в 13:16

Министр COVID-2019 бойынша елдегі және әлемдегі ахуал туралы мәліметтерді жариялайды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз мәслихатттарын онлайн форматына ауыстырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Бүгінгі онлайн режімдегі баспасөз мәслихатын Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сағат 16.00-де өткізбек. Министр COVID-2019 бойынша елдегі және әлемдегі ахуал туралы мәліметтерді жариялайды.

Баспасөз мәслихатын Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбук парақшасында және «Алматы» телеарнасынан және  YouTube, Facebook  аккаунттарынан көруге болады. Сұрақты министрліктің фейсбуктегі парақшасыдағы пікірлер бөлімінде қалдыру керек.

«Аталған формат халықты ақпаратты жедел беріп, БАҚ-пен жұмыста қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жол ашады. Бұл форматқа түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз», - деп хабарлайды министрліктен.