Коронавирустан тағы 22 адам қайтыс болды

27.03.2021 в 12:08

47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

25 наурызда Қазақстанда 22 адам коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

27 наурыздағы мәлімет бойынша, 22 746 адам короновирус инфекциясынан (20 331 КВИ+ және 2 415 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 7 434 пациент стационарда, 15 312 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 342 адамның жағдайы ауыр;

• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек:

25 наурыздағы мәлімет бойынша, 102 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған, 190 адам жазылып шыққан.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстан бойынша 1485 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды