Қазақстанда төтенше жағдай режимі қайтадан енгізіле ме

14.10.2020 в 12:09

Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты

Қазақстанда төтенше жағдай режимі қажет болса енгізіледі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы мәселеге байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтуынша, барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Бірақ ол қазір елдегі тұрақтылықты сақтау үшін барлық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл ретте әрбір азамат жаппай іс-шаралар ұйымдастырмай, қашықтық сақтап, маска тағып, халықты бірлесіп қорғауға атсалысуы қажет деді. Егер азаматтар сақтық шараларын ұстанса, карантинсіз шығуымыз әбден мүмкін деген болжам жасап отыр.