Елорда қайта "қызыл" аймаққа оралуы мүмкін

22.12.2020 в 12:32

18 желтоқсанда COVID-19 көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан "жасыл" аймаққа оралған еді

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақтың шекарасына таяп тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 22 желтоқсанда Атырау облысы ғана "қызыл" аймақта орналасқан. Елорда "сары" аймақта дегенмен, соңғы күндері мұнда КВИ жұқтырушылар саны артып барады.

Сондай-ақ "сары" аймақта Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Одан өзге еліміздің басқа өңірлері "жасыл" аймақта деп саналады.

Елорда 10 желтоқсанда "қызыл" аймаққа енген. 18 желтоқсанда COVID-19 көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан "жасыл" аймаққа оралған еді.