Шымкентте коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды

22.07.2020 в 12:38

Мұнда қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен танысып, тиісті ақпараттар ала алады

ҚазАқпарат – Шымкентте коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды. Мұнда қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен танысып, тиісті ақпараттар ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимур Варзиловтың айтуынша, аталған сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ-мен ауыратын науқастар саны мен тәулік ішінде ауруханаға түскен, жазылып кеткен шыққан науқастар жайлы ақпарат жарияланады.