Алматыда аптасына 10 500-ге жуық тұрғын коронавирус жұқтырады

17.08.2021 в 13:08

Еуропа қалаларында адамдар вакцина тапшылығынан кезекке тұруға мәжбүр

Алматыда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы  бас санитарлық дәрігері күніне 1,5 мыңға жуық коронавирус жұқтырған жағдайдың тіркелетінін айтты.

«Бұл жағдай 28 шілдеден бастап сақталып отыр, 15 тамызда індет жұқтрыған 22 800 науқас тіркелді. Тамызда 24,3 мың науқас, жыл басынан бері 105,6 мың науқас тіркелді», – деді Ж. Бекшин.

Санитарлық-эпидемиологиялық ведомство басшысы соңғы аптада алдыңғысымен салыстырғанда «симптомды» науқастар үлесінің 93%-дан 94%-ға дейін өскенін атап өтті.

Ж. Бекшин Алматы тұрғындарын қауіпті инфекцияға қарсы бірігуге шақырды.

«Мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға, маскаларды дұрыс тағуға және оларды жиі ауыстыруға және вакциналануға шақырамын», – деді мегаполистің бас санитарлық дәрігері.

Айта кетерлігі, Еуропа қалаларында адамдар вакцина тапшылығынан кезекке тұруға мәжбүр. Ал, Алматыда екпені тіпті сауда орталығының өзінде ақысыз алуға болады. Бірақ бұл мүмкіндікті қала тұрғындарының бәрі бірдей пайдаланбай отыр. Сондықтан жұқтыру жағдайы бұрынғыдай 20-39 жас аралығындағы алматылықтар арасында - 35,6%, 40-59 жастағылар арасында- 24,2% және 60 жастан асқандар арасында - 23%, бүкіл  жағдайдың 83%-ын құрайды.

Ж. Бекшин  60 жастан асқандардың жұқтыру деңгейінің 1,5%-ға артқаны және олардың ауыр халде жеткізілетіні және 1 жасқа дейінгі сәбилердің де дерт жұқтыратыны  алаңдататынын айтты.