Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқшауланды

18.06.2020 в 13:09

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз хатшысы мәлімдеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқшауланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Бұл туралы  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавируске байланысты тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткен.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның Тұңғыш Президенті оқшауланды. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған соңғы сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға негіз жоқ. Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр», – деп жазады ол.