Е. Бабақұмаров: Алматыда коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеді

07.10.2021 в 13:14

Қалада инфекциялар санының төмендеуі шамамен 74% болды

Алматыда КВИ-дің тәуліктік өсімі 25 тамыздан бастап 1,16-дан 0,2%-ға дейін төмендеді. Қалада инфекциялар санының төмендеуі шамамен 74% болды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімі орынбасарының мәліметінше, 2021 жылдың басынан бері КВИ-дің 152 мыңнан астам жағдайы тіркелген (152 298). Оның ішінде ағымдағы жылдың 19 шілдесінен бастап 6 қазанға дейін 85 000 жағдай тіркелген.

«2020 жылдың жазында және 2021 жылдың басында біз «ухань» штаммымен байланысты екі толқыннан өттік. 2021 жылдың көктемінде – «альфа» штаммымен туындаған толқын. 19 шілдеде «дельта» штаммынан туындаған инфекцияның ең ауыр толқыны басталды.  Бүгін біз осы толқыннан шықтық»,– деді Е. Бабақұмаров.

29 шілде мен 25 тамыз аралығында Алматы жағдайларды тіркеудің жоғарғы қабатында болды (1500-1600 жағдай). 26 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін, 7 қазандағы жағдай бойынша инфекцияның төмендеуі жалғасуда 1600-дан 423-ке дейін.

«Салыстырмалы талдау мынаны көрсетеді. Егер бірінші толқын кезінде Алматыда тәулігіне жұқтырғандар саны 250 болса, екінші және үшінші толқын кезінде – шамамен 400 және 700 болса, «дельта» штаммында тәулігіне жұқтыру деңгейі 1600 және одан да көп болды»,– деп хабарлады мегаполис әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, «дельтаның» шарықтау шегінде жедел жәрдем шақыруларының саны екі еседен астам – 4000-ға дейін өсті, олардың 45%-ы КВИ және ковидті этиологияның пневмониясымен байланысты болды.

Бұл ретте КВИ-дің төртінші толқыны кезінде стационарларға емдеуге жатқызу деңгейі 5 еседен астам өсті.

Егер бірінші толқын кезінде ауруханаға жатқызу тәулігіне 250 адамға дейін, екінші және үшінші толқын кезінде – 400-450-ге дейін болса, төртінші толқын кезінде ауруханаға жатқызу деңгейі екі есе жоғары болды және тәулігіне 800 пациентке жетті.

«Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі ауыр жүктемелерге төтеп берді, дәрі-дәрмектер мен ЖҚҚ қоры жеткілікті қамтамасыз етілді, іркілістер болған жоқ»,– деп атап өтті Е. Бабақұмаров.