Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 14 науқастың жағдайы өте ауыр

22.06.2020 в 13:39

1409 науқас ем алып жатыр

Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 14 науқастың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда 22 маусымнан бастап жедел медициналық көмек ауруханасының базасында бұрыннан бар 600 провизорлық орын жанына тағы да қосымша 300 орын қосылады. Бірқатар медициналық мекемелерді қосымша бейімдеу барысында инфекциялық төсектер саны артады.

«Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған науқастарды 9 инфекциялық стационар қабылдауда, бұларда 1409 науқас ем алып жатыр. Қазіргі кезде 14 науқастың жағдайы өте ауыр, 131 пациент ауыр жағдайда, ал 937 науқастың жағдайы орташа», – делінген ақпаратта.  

Еске сала кетейік, 22 маусымда Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласында коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде Комиссия құрылған болатын.