Сағынтаев коронавирус инфекциясынан қалай қорғанып жүргенін айтты

02.04.2021 в 13:55

Бір-бірімізді қорғап жүруіміз қажет

Б. Сағынтаев коронавирус инфекциясынан қалай қорғанып жүргенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мен маскасыз жүрмеймін, оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Екіншіден, кабинетімде де тығылып отырмаймын. Қалтамда әрқашан қосалқы маска жүреді. Өйткені көп жүрген кезде, екі-екі жарым сағатта ауыстырып отыру керек. Сол кезде жаңасына ауыстыра саламын.

Маскасыз жүрген адамға қалтаңызда маскаңыз болса, маскаңызды тағып алыңыз деп сұраймын. Өйткені сіз өзіңізді ғана емес, төңірегіңізде тұрған бізді ойлаңыз. Бір-бірімізді қорғап жүруіміз қажет. Маскасыз жүрген адамға артық маска болса, сол кісілерге беріп, маскамен жүруін сұраймыз», – деді Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ, Б. Сағынтаев санитарлық талаптарын сақтану арқылы кеселден қорғануға болатынын еске салды.

«Санитайзермен қолды жуып, адам көп шоғырланған жерден аулақ жүріп, арақашықтықты сақтап, барлық талаптарды сақтап жүрсе, Алла да айтады ғой: «Сақтаңсаң, сақтаймын!» деп. Алдымен өзіңді қорғап жүрер болсаң, бұл кеселден қорғануға болады», – деді қала әкімі.