Атырау облысы қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

06.01.2021 в 14:21

5 қаңтарда елде бір де бір облыс «қызыл» аймақта болмаған еді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 6 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшсі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 5 қаңтарда елде бір де бір облыс «қызыл» аймақта болмаған еді. Алайда бүгінгі мәлімет «қызыл» аймаққа Атырау облысының енгенін хабарлап отыр. Сонымен қатар, «сары» аймақта әлі де Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары тұр. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта. Бүкіл Қазақстан аумағы да «жасыл» аймақтың ішіне белгіленген.