Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 100 мыңнан асты

09.09.2020 в 13:00

Жалпы ел аумағында 106 мың 498 азамат ауруды жұқтырған

Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 100 мың 42-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның 13 мың 511-і Нұр-Сұлтанда болса, Алматыда 13 мың 829. Шымкентте 4 мың 498 адам жазылып шыққан. 

Жалпы ел аумағында 106 мың 498 азамат ауруды жұқтырған. Өкінішке қарай, 1 мың 646 отандасымыз індеттің құрбаны болды.