Қала әкімдігі алматылықтарды санитарлық ережелерді сақтауға шақырды

27.03.2021 в 14:39

27 наурыздағы жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 087 науқас тіркелді

Алматыда соңғы екі апта бойы КВИ-ді жұқтырушылардың көбеюі және денсаулығы ауыр науқастардың саны бойынша қолайсыз аймақта тұр. Эпидемиологтардың пікірінше, жаңа британдық және оңтүстік африкалық штамдары жұқтырудың жоғары деңгейіне ие. Сонымен қатар КВИ симптомсыз түрінің тіркелуінің азаюы байқалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өткен тәулікте Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған 450 науқас тіркелді. Соның 370-і симптомды және 80-і симптомсыз. Биылғы 26 наурыздағы жағдай бойынша Инфекциялық стационарларда 2524 адам бар, соның ішінде 34 науқастың жағдайы аса ауыр, 272-сі ауыр, 2218-інің жағдайы орташа ауыр. ӨЖЖ — 10, инвазивті емес ӨЖЖ — 49 адам.

27 наурыздағы жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 087 науқас тіркелді. Соның ішінде 21 427 жағдай симптомды және 10 660 жағдай симптомсыз. Емделіп шыққандар — 26 334, соңғы тәулікте — 165. Қайтыс болғандар — 452.

Алматыдағы төсек-орындарының саны: 7011 жалпы (инфекциялық стационарларда, модульдерде, клиникалардың ақп.бөлімдері мен «Халық Арена» консервациясында) 250 реанимациялық төсек-орын. 5150 төсек-орын пайдалануға дайын. Реанимациялық бөлімшелерден 220-сы жұмылдырылды.

Атап өтетін жайт, стационарларда инфекциялық бөлімшелерді жаю және ашу кезінде КВИ немесе КВИ белгілері бар науқастардың бейінді бөлімшелерде емделіп жатқан жоспарлы және шұғыл соматикалық пациенттермен «араласпауына» ерекше назар аударылады. Яғни стационардың ішінде КВИ-ді таратпау жөніндегі барлық шаралар сақталады — инфекциялық бөлімшелер басқалардан оқшауланып,  фильтр, жеке қабылдау бөлімшесі және т. б. арқылы жеке кіретін есігі бар.

Жұқтыру динамикасының өсуі, соның ішінде симптомсыз  түрін жұқтырушылардың жоғары үлесі аясында, сондай-ақ анықталған британдық және оңтүстік африкалық коронавирус штамдарын ескере отырып, Алматы әкімдігі карантиндік нормаларды сақтауда жауапкершілікке шақырады. Бұл жедел және сапалы медициналық көмек көрсету үшін жаппай жұқтырудың және төсек-орын қорына шамадан тыс жүктеменің алдын алу үшін маңызды.