АҚШ-та 4 миллионнан астам бала COVID-19 індетіне шалдыққан

22.07.2021 в 15:06

Бұған американдық Педиатрия академиясы мен балалар ауруханалары қауымдастығының есебі дәлел

Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 4 миллионнан астам бала COVID-19 індетіне шалдыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Балалар да ересектер секілді коронавирус инфекциясын жұқтыруға бейім келеді. Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 4 миллионнан астам бала COVID-19 індетіне шалдыққан. Бұған американдық Педиатрия академиясы мен балалар ауруханалары қауымдастығының есебі дәлел. Хабарламада айтылғандай, өткен аптада балалар арасында 23,5 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелген. АҚШ-та COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың жалпы санының 14,2%-н балалар құрайды.