Алматыда шетел азаматтарымен байланыста болған адамнан коронавирус анықталған

20.03.2020 в 15:10

Коронавирус расталған науқастардың бірі – чартерлік рейстің бортсерігі

Алматыда карантинде жатқандар арасында коронавирус инфекцияcын жұқтырғандар бар, деп хабарлады Almaty.tv.

Бүгін қауіпті індет анықталған үш адамның бірі шетелден келген азаматтармен байланыста болған. Қала тұрғыны дәрігерлерге құрғақ жөтелдің кетпей, тамағының қырылдап, кеуде тұсының ауырғанын айтып шағымданған. Кейін вирустың бар-жоғын анықтау үшін зертханалық талдау жасалып, одан оң нәтиже шыққан. Науқас дереу оқшауланып, ем-дом жасау басталып кетті. Ал қалған екі азаматтың бірі Берлин-Алматы, екіншісі Париж-Минск-Алматы рейсімен ұшып келген. Коронавирус расталған науқастардың бірі чартерлік рейстің бортсерігі екен.

«1997 жылы туылған үшінші ер адам 19 наурызда түнде Париж-Минск Алматы рейсімен ұшып келді. Провизарлық госпитальге карантинге түсті. Бүгін қалалық жұқпалы қалалық ауруханалар ауруханасына ауыстырылды. Бүгінгі күні 20 науқастың денсаулығы жай-күйі қанағаттанарлық. Екі адамда ауырлығы орташа. Қазіргі таңда қаланың провизарлық госпитальдарынде карантинінде 696 адам, үй карантинінде 1108 адам медициналық бақылануда», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.